29 июня 2021 Ауылшаруашылық техникалары

Көкшетауда John Deere техникасына қызмет көрсетіп, жөндейтін орталық ашылады

Көкшетауда 23 шілдеде Eurasia Group AG сервис орталығы ашылады. Оны ауыл шаруашылығы техникасының белгілі әлемдік өндірушісі John Deere ұлттық дилері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы JCB, Grimme, Lindsay дилері ашатын болады.

ТМД-дағы көлемі 13.000 м2, 10 га жерге орналасқан John Deere ең ірі дилерлік орталық болып табылады, ол қосалқы бөлшектерді үздіксіз жеткізу, күрделі жөндеу және бұрын қолданыста болған техниканы қалпына келтіру жұмыстарын жасайды. Ал аталған ірі оқыту орталығы жаңа технологияларды фермерлерге де, ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандарға да үйрететін болады.

Eurasia Group AG-елдегі ауыл шаруашылығына арналған техникаларды сататын танымал компания.

Тақырыпқа байланысты оқу: ТШМК тұқым көлемі 100 ц/гектарға жетті

Eurasia Group AG қазіргі жағдайы:

•          20 жылдан астам уақыттан бері нарықта жұмыс істеуде

•          John Deere 19 жылдан бері ұлттық дилер

•          Қазақстанда 14 өкілдігі бар

•          14 қоймада $15 млн бөлшектері бар

•          6 шеберхана

•          Барлық аймақта 400-ден астам қызметкерлері бар

•          ҚР-да тікелей инвестиция $65M

•          Кәсіби сервистік қызмет және қосалқы бөлшектерді жеткізу және сату жөніндегі команда (200 адамнан астам)

•          Агроменеджмента және Цифровизация бөлімдері бар

•          12 000 бірлік техника жеткізген

•          John Deere техникаларымен 3,5 млн га алқапқа дақыл егілген

•          John Deere комбайндарымен 6,1 млн га астық орылды

•          John Deere техникасы 2,3 млн га алқапқа қолданылды