Қарашүкеев John Deere техникасының сервис орталығының ашылуына қатысады
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашүкеев 23 шілдеде Ақмола облысына барып, бірқатар өндірістік нысандарды аралайды. Атап айтқанда, оның қатысуымен «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС Ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету және жөндеу орталығының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесуге министрдің міндетін атқарушы Ермек Маржықпаев қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, 13.000 м2 аумақтағы сервистік орталық 10 га жерге орналасқан. Бұл ТМД-дағы ең ірі John Deere дилерлік орталығы болады, ол қосалқы бөлшектерді жеткізуді, күрделі жөндеуді және бұрын қолданыста болған техниканы қалпына келтіру істерімен айналысатын болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Кокшетауда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру және жөндеу бойынша сервистік орталық салынуда
Сондай-ақ, мұнда ең ірі оқыту орталығы орналасқан, мұнда жаңа технологиялармен жабдықталған сыныптар фермерлер үшін де, ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандар үшін де қолжетімді болып табылады.