Ауыл шаруашылық бөлшектер нарығы монолияланған
Біздің елімізде 22 млн егістік жер бар, соған шетелдік техниканың әр маркасын бір дилер ғана сатады, яғни бұл салада таза монополиялық нарық белең алған.
Бұл пікірді «Найдоровское» ЖШС кәсіпорнының директоры Павел Лущак айтты деп жазылды ElDala.kz материалында.
Тақырыпты оқу: Қазақстанда ауыл шаруашылық техникасы бөлшектерінің бағасы күрт қымбаттады
— Бізде ұлан ғайыр 22 млн егістік жер бар, соған шетелдік техниканың әр маркасын бір дилер ғана сатады, деді Павел Лущак. –Яғни біздің нарықты монополия жайлаған. Бұл жағдай фермерлер үшін қиын және зиянын тигізуде. Сонымен қатар, тағы бір проблема бар — егін егу жұмыстары басталған сәтте сатушыларда бізге қажетті құрлдар мен бөлшектер «табылмай» қалады. Ал бұл кезеңде біз үшін әрбір күн маңызды, олар әуе тасымалдауы арқылы тапсырыс беруді айтады, оның бағасы үш есе қымбат. Бұл жағдай жыл сайын осылайша қайталанып отырады, яғни бізді «сатып алуға мәжбүрлеп» отыр деп есептейді ол.
Фермерлер көрші Ресейдегі жағдайды сараптаған — онда ешқандайда бағаның өсуі жоқ, оларда да рубль бағамы түсті. Мәселе неде? РФ-да дилерлік сату желісі өте жақсы дамыған, әр аймақта бір-екіден өз сатушылары бар. Олардың арасында бәсекелестік те бар, себебі аграршылар қажет болған жағдайда, техника ұнамаса, 100-200 км жүріп, басқа фирмаға барып та керекті техникасын сатып ала алады.
Еске сала кетсек, карантин жарияланып, теңге бағамы көтерілгелі дилерлер ауыл шаруашылық техника бөлшектерін 30%-ға дейін қымбаттатқан.