Қазақстанның ұн өндіруші кәсіпорындары астықты қайта өңдеуді үш есеге арттыра алады ― Чукуев
Қазақстан Республикасының ұн өндіруші кәсіпорындары толықтай жұмыс істемеуде, олар қазіргімен салыстырғанда астықты қайта өңдеуді үш есеге арттыра алады. Бұл туралы Ana Food Machinery компаниясының басшысы Берик Чукуев AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінің жұмысы барысында айтты.
Берік Чукуевтың айтуы бойынша егер республикада астық өндірісінің көлемі артса, ұн тарту саласындағы кәсіпорындар көп мөлшердегі астықты толықтай қайта өңдей алатын еді, өйткені олардың қуаты жеткілікті, қазір олар аз мөлшерде ғана істеп отыр.
Оның пікірінше, қазіргі кезде басты мәселе нарықта ұн өткізудің қысқартылуы болып отыр.
«Біздің ұн тарту компаниялары Өзбекстан нарығына шықпайды,сонымен қатар Тәжікстанға да сатпаймыз. Себебі олар енді ұнды өздері тартады, ал бізден тек бидай сатып алады», - деді Берік Чукуев.
Ana Food Machinery басшысының пікірінше, қазақстандық ұн өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау керек және оны сату үшін мүмкіндік жасау қажет.
Айта кетерлік жағдай, Ana Food Machinery Қазақстандағы ұн тарту саласына арналған жабдықтарды өндірумен айналысатын ANA Milling (Түркия) компаниясының ресми өкілі болып табылады.
Ana Food Machinery басшысы Берік Чукуевтың айтуы бойынша, республиканың ұн тарту саласында қолданылатын жабдықтардың 90% -ға жуығы Түркияда жасалған құралдар болып табылады.
«Не себепті? Себебі, еуропалық жабдықтардың сапалы көшірмесі Түркияда жасалады, бірақ олар 2-3 есеге арзан», - деп түсіндірді Берік Чукуев.
Естеріңізге салар болсақ, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да бидай өнімінің көлемі 11,5 млн тоннаны құрады, ол 2,5 млн т. немесе 17,9%-ға қысқарды. Қазақстаннан бидай ұнын экспорттау шілде-желтоқсан айында 2019/20 МГ құрап, 31% — яғни 822 мың. т. азайды Сондай-ақ Ауыл шаруашылық министрлігінің хабарлауы бойынша Қазақстан 2024 жылға қарай қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығаруды 50% -ға дейін жеткізбек.