09 июня 2020
Астық
Қазақстанда егін егу жұмыстары аяқталды
Қазақстанда егін себу жұмыстары 9 маусымда толығымен аяқталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.
Ағымдағы жылы көктемгі егіс көлемі 19 147,1 мың га болды. 2019 жылы осы уақытпен салыстырғанда 18 555,2 мың га егілген болатын (жалпы егіс алқабының 99,4%).
2020 жылы дәнді және бұршақ дақылдары 14 812 мың га алқапқа, майлы дақылдар - 3030 мың га, көкөніс пен бақша және картоп өнімдері- 463,7 мың га, көпжылдық шөптер - 692,9 мың га, мақта - 127,4 мың га егілді. Ал қант қызылшасы - 20,5 мың га. жерге отырғызылды
Сонымен қатар, жүгері дәнді дақылы 158,8 мың гектарға, 102,9 мың гектарға күріш егілді.