17 июня 2020 Астық

ETS-те 4 сұрыпты бидай бағасы арзандады

16 маусым, сейсенбі күні Еуразиялық сауда жүйесінде бидай бағасы аздап төмендеді.

Сатушылар аукционға алты лот қойды, 3 сұрыпты екі лот, 4 сұрыпты төрт лот бидайды сатылымға шығарды.

Сонымен қатар, 3-ші сұрыпты бидайдың тоннасы 94 мың теңгеден болды, ал 4-ші сұрыпты бидайдың тоннасы 87 мың теңгеден (бір лоттан) 88 мың теңгеге дейін (үш лот) болды.

Бұл күні бір ғана сауда болып, жалғыз мәміле жасалды,181 тонна болатын 4- сұрыпты бидай сатылды. Сатып алушы 15 миллион 747 мың теңге төледі.