03 июля 2020 Астық

ETS-те астық сатушылар мен сатып алушылар келісімге келе алмауда

Еуразиялық сауда жүйесінде тағы да бірде бір мәміле жасалған жоқ. Бейсенбі, 2 шілде күні сатушылар ETS-те жеті лот (екеуі 3 сұрыпты, бесеуі 4 сұрыпты бидай) ұсынды. Бірақ сатып алушылар астық бағасымен келіспеді.

Астық сатушылар 3-ші сұрыпты бидайдың тоннасына 94 мың теңге сұраса, сатып алушылар 89,9 - 90 мың теңге ұсынды.

4- ші сұрыпты бидайдың тоннасына 88 мың теңге сұраған болса, сатып алушылар 84,9 - 85,9 мың теңге ұсынды.

Бұл жолы аукционда екі тарап ымыраға келмей, сауда саттық сәтсіз аяқталды.