10 июля 2020 Астық

ETS-те астық сатып алушылар бидай бағасын түсіруге тырысуда

 

9 шілде, бейсенбі күні Еуразиялық сауда жүйесінде бидай сатуға байланысты ешқандай сауда мәмілесі жасалған жоқ.

Сонымен бірге сатып алушылар аукционға қойылған жеті лотқа қызығушылық білдіріп, белсенділік танытты. Алайда астық сатушылардың бағасы олардың көңілдерінен шықпай, олар әлдеқайда төмен баға ұсынуға тырысты.

Мысалы, 4-ші сұрыпты бидайға қойылған 88 мың теңгеге сатып алушы тоннасына небәрі 82 мың теңге төлеуге дайын екендігін білдірді.

3-ші сұрыпты 94 мың теңге тұратын бидай үшін  сатып алушылар бар жоғы 87 мың теңге ұсынды.

Әзірге тараптар ортақ бір келісімге келе алмады, бірақ жаңа дақылдарды жинау науқаны жақындаған сайын бағаның төмендеуі мүмкін.