11 июля 2020
Астық
ETS-те бір аптада 2 мың тонна бидай сатылды
Осы өткен аптады Еуразиялық сауда жүйесінде екі мәміле жасалды.
Екі жағдайда да 4-ші сұрыпты бидайдан 1 мың тонна сатылды. Сейсенбі күні бидайдың бір тоннасы 87 мың теңгені құраса, сәрсенбі күні 88 мың теңге болды.
Келесі күндері сауда мәмілелері жасалған жоқ, өйткені сатып алушылар аукционда төмен бағамен алуға тырысты. 4 –ші сұрыпты бидайдың ең төменгі бағасы бойынша,1 тоннасы 82 мың теңгені, 3 –ші сұрыпты бидай үшін 87 мың теңгені құрады.
Алайда сатушылар бидай бағасын түсірмей, сәйкесінше тоннасына 88 мың теңгеден және 94 мың теңгеден ұсынды.