Қазақстанда 11,7 млн тонна астық бастырылды
Бүгінгі таңда Қазақстанда 12,6 млн га астық немесе 72,7% жиналды. 11,7 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік 9,3 ц/га құрайды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел штаб отырысында АШМ ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Мұрат Іргебаевтың айтуынша, майлы дақылдар – 352,7 мың тонна, картоп – 2,1 млн тонна, көкөніс - 3,2 млн тонна, бақша дақылдары - шамамен 2,8 млн тонна жиналған.
Бірінші кезектегі міндет келесі жылдың егініне тұқым себу болып табылады. Жоспар бойынша 1,9 млн тонна астық тұқымы 935,5 мың гектарға себілді.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты егін жинаудағы қиындықтарды ескере отырып, аграрларға бір литріне 250 теңге бағамен дәнді және майлы дақылдарды кептіруге жеңілдікті дизель отынының қосымша көлемі бөлінді. Жоспар бойынша МӨЗ-ден шамамен 62,5 мың тонна дизель отыны жөнелтілетін болады.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстанда тұқым тапшылығы 1 млн тоннаға бағаланды
Өңірлік қаржы институттарымен жеке тәртіпте фермерлер үшін айыппұл санкцияларынсыз несиелерді ұзарту мәселесі пысықталуда.
Аграрлық несие корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақовтың мәліметінше, 33 ауыл шаруашылығы өндірушісі 2,3 млрд теңге сомаға қарыздарды ұзартуға өтінім берген. Қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен басқа қарыз алушылар тарапынан шарттар, ұсынылатын құжаттар тізбесі және міндеттемелерді қайта құрылымдау рәсімдері мәселелері бойынша өтініштер түсуді жалғастыруда.
Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша фермерлердің форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзарту критерийлері әзірленуде. Мерзімін ұзарту шарттары жақын арада жарияланатын болады.