Бидайды тікелей сатып алу бағасын Азық түлік корпорациясы жариялады
Азық-түлік корпорациясы қазақстандық фермерлерді қолдау үшін сапасы төмен 350 мың тонна бидайды тікелей сатып алады. Бұған дейін ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия тиісті тапсырма берген болатын.
4, 5-сыныпты бидай, сондай-ақ санаттан тыс бидай келесі бағамен сатып алынады:
- 4-сыныпты бидай – ҚҚС-пен 105 000 теңге және ҚҚС-сыз 93 750 теңге;
- 5-сыныпты бидай (глютен 27%+) – ҚҚС-пен 90 000 теңге және ҚҚС-сыз 80 357 теңге;
- 5-сыныпты бидай (глютен 18%+) – ҚҚС-пен 70 000 теңге және ҚҚС-сыз 62 500 теңге;
- санаттан тыс бидай (глютен 27%+) – ҚҚС-пен 70 000 теңге және ҚҚС-сыз 62 500 теңге;
- санаттан тыс бидай (глютен 18%+) – ҚҚС-пен 50 000 теңге және ҚҚС-сыз 44 643 теңге.
Бұл ретте сатып алудың жалпы көлемі 350 мың тоннаға төмендегідей бөлінеді:
- санаттан тыс бидай – 100 000 тоннаға дейін;
- 4-сыныпты бидай – 125 000 тоннаға дейін;
- 5-сыныпты бидай – 125 000 тоннаға дейін.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін барынша қамту үшін осы бағдарламамен бір фермер Азық-түлік корпорациясына тапсыра алатын астық көлемінің лимиттері белгіленген. Жұмсақ жаздық бидайдың егіс алаңы 5 мың гектарға дейінгі шаруашылықтар үшін Азық-түлік корпорациясына ең көп тапсыру көлемі 500 тоннаны құрайды. Ағымдағы маусымда егін жинау алаңы 5 мың гектардан асқан шаруашылықтар үшін Азық-түлік корпорациясының ең көп сатып алу көлемі 1 400 тоннаны құрайды.
Астықты қабылдау Азық-түлік корпорациясы айқындаған элеваторларда жүргізілетін болады, бұл ретте санаттан тыс бидайды тапсыру кезінде фермер микотоксиндердің құрамына сынақ хаттамасын ұсынуға міндетті болады. Олар рұқсат етілген ең жоғары нормалардан аспауы керек.
Шағын шаруашылықтардан өтінімдерді қабылдау 5 желтоқсанда, ірі шаруашылықтардан – 15 желтоқсанда басталады.
Биылғы маусымда Қазақстанда бидай өнімі 11,5 млн тоннаны құрады. Сарапшылардың бағалауы бойынша сапасы төмен астықтың үлесі жалпы көлемнің 40%-на дейін құрайды.