СҚО-да жаздық егінді мерзімінен бұрын жинау басталды
Солтүстік Қазақстанда жаздық дақылдарды мерзімінен бұрын ору жұмыстары басталды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.
Бірнеше шаруа қожалықтарының аграршылары егін жинауды шілде айының екінші онкүндігінде бастады. 1400 га егін алқабынан арпа жинау басталды. Жақын арада басқа да дәнді дақылдар піседі. Келесі аптада шаруашылықтар бидай мен бұршақ жинауға кіріседі. Шаруашылықта 13,5 мың гектар егістік алқабы бар.
«Биыл науқан жаман емес. Әр гектардан 30 центнерден арпа жинадық. Ағымдағы жылдағы климаттық жағдайлар мен құрғақшылықты ескерсек, бұл жаман көрсеткіш емес, биыл біздің біршама жаспарларымыздан ауытқу болды. Менің ойымша, алдағы уақытта егіс алқаптарынан болжаған астықты аламыз», - деді агроном Виктор Данин.
Аталған өңірде екі ауыл шаруашылық кешені астық шабуға кірісті. Биыл олар тәжірибе жасап, егін егу науқанын бір ай бұрын сәуір айында бастады.
Бұлайша егінді ерте кгіп, ерте жинау сияқты шаралар облыс тарихында бұрын-соңды болған емес. Алайда, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар қорытындыны егін жинау науқанының нәтижесінен кейін жасауды ұсынуда.
«Биылғы жыл фермерлер үшін қиын болды. Сәуір-мамыр айлары құрғақ болды. Фермерлер ылғалды уайымдап, суару мәселесін қарастыра бастады. Ылғал жетіспей қалады деп, егінді ерте ектік. Менің ойымша, егіннің толық піскенін күтуіміз керек, алайда жақсы өнім жинаймыз деген үміттеміз, науқан аяқатлған соң егінді ерте, кеш егу туралы қорытынды шығаратын боламыз?», - деді ауыл шаруашылық кеңесшісі Сергей Парунов.
Солтүстік қазақстандықтар биыл 4 миллион 210 мың гектар жерге дәнді және майлы дақылдарды екті. Егістік алқаптың 67%-ына астық және бұршақ дақылдары себілді. 955 мың аймаққа майлы дақылдар отырғызылды, соя мен қарақұмық дақылдарының егісі артты.