Қытай Қазақстанда санаттан тыс астықты тоннасына 50 мың теңгеден сатып алуға дайын
Азық-түлік корпорациясы бірқатар елдермен, соның ішінде Қытаймен санаттан тыс астық сату бойынша келіссөздер жүргізуде. ҚХР-дан мұндай бидайдың сапасына қойылатын талаптар алынып, бағалар көрсетілген: шекараға дейін тасымалдауды ескере отырып, тоннасы 150 доллар тұрады (DAP Алашанькоу). Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сұрауына жауап бере отырып хабарлады.
«Санаттан тыс астықты сату мақсатында Азық-түлік корпорациясы қазақстандық астықты сатып алушылармен (Иран, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқалар), сондай-ақ отандық құс өсірушілермен, мал өсірушілермен және спирт зауыттарымен және белсенді трейдерлермен келіссөздер жүргізуде. Астықтың сапалық сипаттамалары бойынша ұсыныстар алынды. Қытай элеваторда шамамен 50 мың теңге бағамен (Алашанькоу бекетіне дейін жеткізумен құны 150$ құрайтын) 30%-дан аспайтын өскін үлесі бар санаттан тыс астықты талап етеді», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, ол қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін Азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна көлемінде 2023 жылғы егіннің 4, 5-сыныпты және санаттан тыс бидайын тікелей сатып алуды жариялағанын еске салды. Сатып алу бағалары нарықтық деңгейде белгіленеді. Ол үшін республикалық бюджеттен 31,3 млрд теңге бөлінді.
Тақырып бойынша оқу: Қытай қазақстандық фермерлерді форвардтық қаржыландыруды қарастырады
Сонымен қатар, аграрийлердің қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында Үкімет өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын субсидиялауға 30 млрд теңгеден бөлді.