03 августа 2020
Астық
Өткен аптада ETS-те 635 миллион теңгеге бидай сатылды
Өткен аптаның төрт жұмыс күні ішінде еуразиялық сауда жүйесінде бір ғана сауда келісімі болды.
Дүйсенбі күні 4-ші сұрыпты бидай сатылып, 635 млн 13 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Астықтың тоннасы 87 мың теңге болып, жалпы 7299 тонна сатылды.
Қалған күндері астыққа сұраныс болмады, сатып алушылар мен сатушылар баға туралы келісе алмады.
3-ші сұрыпты бидай 94 мың теңге және 4-ші сұрыпты бидай 88 мың теңге деңгейінде сақталды. Сұраныс бойынша, 87 мың және 82 мың теңге болған еді.