28 мая 2024 Астық

Қазақстанда астықты терең өңдейтін үш зауыт салынуда

Қазақстанда 2024-2026 жылдары астық өңдеу бойынша 13 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде Астана, Қостанай және Түркістан облыстарында бидай мен жүгеріні терең өңдеу бойынша үш кәсіпорын құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Экспорттық нарықтар бойынша шектеулер бар екенін ескере отырып, терең өңделген өнімдерді (макарон, ұн кондитерлік өнімдері, крахмал өнімдері) өндіруге көшу қажет. Астықты терең өңдеу өнімдеріне ерекше назар аударылады, олар бойынша бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда»,, - деді Сапаров.

Оның ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Түрік Тирияки Агро компаниясы катарлық Хасад Фуд компаниясымен бірлесіп Астана қаласында астықты терең өңдеу бойынша құны 400 млн доллар (қуаты 240 мың тонна) болатын жобаны іске асыруды бастады.

Қостанай облысында қазақстандық «Қостанай Грейн Индастри» компаниясы құны 50 млрд теңге (қуаты 330 мың тонна астық) астықты терең өңдеу жобасын іске асыруды бастады», - деп хабарлады АШМ басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Түркістан облысында «Қазкрахмал» компаниясы инвестиция көлемі 35 млрд теңгені құрайтын крахмал өнімдерін өндіру үшін жүгеріні қайта өңдеу жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорынның қуаттылығы 150 мың тоннаны құрайды.

«Крахмал, глютен, глюкоза-фруктоза сиропы, лизин, биоэтанол түріндегі соңғы өнімдерді әлемдік нарықтарға экспорттау жоспарлануда», - деп толықтырды Сапаров.

Ол өткен жылы ұн өндірісі 3,2 млн тоннаны құрағанын, бұл елдің ішкі тұтынуынан (1,3 млн тонна) екі еседен астам артық екенін хабарлады. Ағымдағы жылдың үш айында 812 мың тонна ұн өндірілді. Бұл ретте, Қазақстан экспорттық жеткізілім көлемі бойынша (1,9 млн тонна) әлемде көшбасшы орындардың бірін алады.