Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жобасын іске қосты
Азық-түлік корпорациясы экспортқа жіберу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің (арпа, жасымық) партияларын шоғырландыру жобасын іске қосты. Жоба шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық операцияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.
«Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алмайды, тек оны бір элеваторда шоғырландыруды ұйымдастырады және экспортқа жөнелтуді ұйымдастырады. Жоба шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталған, алайда экспорттық партия көлемі жеткіліксіз болған жағдайда қазақстандық астық нарығының басқа қатысушыларын тартуға жол беріледі», - деп хабарлады Азық-түлік корпорациясында.
Ауыл шаруашылығы өнімдері партиясының ең аз шоғырландырылған көлемі бір АҚП-де 1 мың тоннаны құрайды.
2-сыныпты арпа бойынша келесі талаптар анықталды:
- натурасы 630 г/л кем емес;
- ылғалдылығы 14,5%-дан аспайды;
- арамшөптер қоспасы 2%-дан аспайды;
- астық қоспасы 7%-дан аспайды;
- зиянкестермен ластануға жол берілмейді;
Алдын ала сатып алу бағасы - ҚҚС есебімен тоннасына 45 мың теңге және ҚҚС есебінсіз тоннасына 40 мың теңге.
Тағамдық жасымықтың сапа көрсеткіштері:
- ылғалдылығы 15%-дан аспайды;
- арамшөптер қоспасы 3%-дан аспайды;
- астық қоспасы 2%-дан аспайды;
- зиянкестермен ластануға жол берілмейді;
Алдын ала сатып алу бағасы - ҚҚС есебімен тоннасына 200 мың теңге және ҚҚС есебінсіз тоннасына 180 мың теңге.
Жобаға қатысу үшін өтінімдер 30 қыркүйекті қоса алғанда қабылданады. Экспорттық партияларды шоғырландыру мерзімі - 15 қазан.
АҚП-да ауыл шаруашылығы өнімі партиясының ең аз шоғырландырылған көлеміне қол жеткізілмеген, импорттаушылар экспорттық келісімшарттар жасасудан бас тартқан, экспорттық келісімшарт бойынша ауыл шаруашылығы өнімі партиясының көлемі азайған, нарықтық жағдай өзгерген жағдайда - ауыл шаруашылығы өнімінің талап етілмеген көлемі комиссия шарттарын бұзу арқылы фермерлерге немесе астық нарығына қатысушыларға қайтарылатын болады.