СҚО-да жауын-шашын астық жинауға кедергі келтіруде
Солтүстік Қазақстан облысының аграрийлері 4,4 млн га алқапта егін жинауы тиіс, оның ішінде 3,3 млн га - дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Егін жинау жұмыстарының қарқынына ауа райы кедергі келтіруде. Бұл туралы өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
5 тамыздағы жағдай бойынша 440,8 мың га алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, гектардан 17,3 ц өніммен 762,7 мың тонна бастырылды. Жинау жұмыстарын тезірек жүргізу үшін барлық шаралар қабылдануда. Егін жинау науқанына 7 мыңнан астам техника қатысады. Аграрийлер литріне 250 теңгеден арзандатылған отынмен қамтамасыз етілді, деп атап өтті басқармада.
“Бүгінгі таңда облыс бойынша 46 элеватор бар, олардың жалпы көлемі 3,2 млн тоннаны құрайды. Сондай-ақ, аграрийлерде сыйымдылығы 3,7 млн тонна болатын 332 астық қабылдау пункті бар. Облыс бойынша сыйымдылықтардың қуаттылығы 6,9 млн тоннаны құрайды, бұл өңірде өндірілген астықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Айта кету керек, жаңбыр Қазақстандағы астық егетін облыстардың көптеген аудандарында егін жинау қарқынын тежейді. Қазгидрометтің болжамы бойынша демалыс күндері ауа райы қайтадан жаңбырлы болады деп күтілуде.