Азық-түлік корпорациясы фермерлерге астықты төрт елге экспорттауға көмектеседі
Азық-түлік корпорациясы ағымдағы жылы «Экспорттық партияларды шоғырландыру» бағдарламасын іске қосты, оның шеңберінде шағын және орта шаруашылықтарға өнімді экспортқа жіберуге көмектеседі. Бағдарламаның табысты тәжірибесі ауқымды болады және компанияға төрт елдің сатып алушыларынан дәнді және майлы дақылдарды жөнелту бойынша ұсыныстар келіп түсті. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама шеңберінде Азық-түлік корпорациясы фермерлердің астығын сатып алмай, тауар партияларын шоғырландырады және тасымалдауды толық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, өтеусіз негізде экспортқа шығаруды ұйымдастырады. Валюталық кіріс фермерлерге тікелей түседі.
«Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясының қатысуымен қазақстандық фермерлерден жалпы сомасы 14,5 млн доллар болатын ауыл шаруашылығы өнімін жеткізуге импорттаушылармен төрт экспорттық келісімшарт жасалды. Пилоттық келісімшарт жасасудың оң тәжірибесін біз кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Азық-түлік корпорациясында.
Фермерлерге көмектесуден басқа, бағдарламаны іске асыру нәтижесінде элеваторлар босатылады.
Азық-түлік корпорациясының мәліметінше, Қырғызстан, Қытай, Иран және Түркиядан импорттаушылар тарапынан 2-сыныпты бидай, зығыр, күнбағыс және арпа сатып алу бойынша коммерциялық ұсыныстар келіп түскен. Сатып алушылар келесі сапалық көрсеткіштері бар өнімдерді сұрайды.
Қырғызстан – 3 және 4 сыныпты бидай: натурасы кемінде 750 г/л, ылғалдылығы 14,5%-дан аспайды, арамшөп қоспасы 2%-дан аспайды, астық қоспасы 5%-дан аспайды, дән желімшесі – 20-22-24-25%.
Қытай Халық Республикасы – зығыр: ылғалдылығы 9%-дан аспайды, арамшөп қоспасы 3%-дан аспайды, майлылығы (май мөлшері) 40%-дан кем емес, линол қышқылы 53%-дан кем емес, тазалығы 97%-дан аспайды.
Иран – 2 санатты арпа: натурасы кемінде 630 г/л, ылғалдылығы 14,5%-дан аспайды, арамшөп қоспасы 2%-дан аспайды, астық қоспасы 7%-дан аспайды, протеин 11,5%-дан кем емес.
Түркия – тағамға арналған жасымық: ылғалдылығы 15%-дан аспайды, арамшөптер қоспасы 3%-дан аспайды, астық қоспасы 2%-дан аспайды, зиянкестермен ластануға жол берілмейді.