04 сентября 2020 Астық

Қазақстанда астық алқаптарының жартысынан 9,3 млн тонна астық жиналды

Қазақстан аграршылары 4 қыркүйекке дейін 7902,5 мың га алқаптан бұршақты және дәнді дақылдарды жинады, бұл барлық егістіктің жартысы. Қазіргі таңда орташа өнімділік 11,9 ц/га болған кезде 9 376 800 тонна астық бастырылды.

Елдегі орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда жоғары (11,1 ц/га).

Бүгінгі таңда СҚО-да 1434,2 мың гектардан 2007,9 мың тонна мөлшерде астық жиналды (өңірдегі егілген алқаптардың 48%). Аймақтағы өнімділік 14 ц / га құрайды.

Келесі орында Ақмола облысы болды, аталған облыста орташа өнімділік 9,7 ц/га (2006,4 мың га алқаптан жиналды немесе 45,1%) егістіктен 1946,2 мың тонна бастырылды. Қостанай облысында 9,4 ц/га өнімділікпен 1826,8 мың тонна астық және бұршақ дақылдары жиналды (1935,5 мың га немесе 47,8% жиналды).

Түркістан облысында өнімділік 23,8 ц/га болып, ең жоғары көрсеткішке жетті. Мұнда 302,9 мың гектарға дәнді дақылдар егіліп, оның  294,3 мың га жиналды. Астықтың 700 мың тоннасы бастырылды.

Жамбыл облысы астық жинауды бірінші болып аяқтады. 359,3 мың га алқаптан 816,6 мың тонна астық жиналды. Өнімділік-22,7 ц/га болды.