Қазақстандық бидайдың бағасы өсуді жалғастырды
Қазақстанда өткен аптада сатып алушылардың жоғары белсенділігі аясында барлық дәнді дақылдарға бағаның өсуі жалғасты. Бұл туралы Қазақстанның Астық одағының талдау департаментінің басшысы Евгений Карабанов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
«Астықтың айтарлықтай қалдықтарына қарамастан, сұраныс пен ұсыныс арасында әлі де теңгерімсіздік бар (Ұлттық статтың мәліметі бойынша). Осылайша, ішкі бағаның нығаюы бірнеше аптадан бері экспорттық бағалардың өсуінен асып түсуде, соның салдарынан импорттаушылардың белсенділігі төмендеуде. Импорттаушылар ұсынатын бағалар ішкі баға өсімінен бір-екі аптаға артта қалды», - деді сарапшы.
Ұн нарығында, оның ақпараты бойынша, керісінше, тоқырау байқалады. Сатылым баяу, қоймалар дайын өнімге толы, бұл көптеген диірмендердің тоқтап қалуына әкелді.
Евгений Карабановтың мәліметінше, 7-13 сәуір аралығында қазақстандық астықтың орташа бағасы:
- 3-сыныпты бидай – сапасына байланысты тоннасына 81 мыңнан 108 мың теңгеге дейін (элеватордың бағасы, ҚҚС-пен)
- hi-pro бидайы (желімшесі 29%-дан жоғары) – тоннасына 130 мыңнан 135 мың теңгеге дейін
- 4-сыныпты бидай – тоннасына 77-80 мың теңге
- 5-сыныпты бидай – тоннасына 75-78 мың теңге.
Жемдік арпа тоннасына 82-87 мың теңге, зығыр тоннасына 260-270 мың теңге аралығында саудаланды.
3-сыныпты бидайдың экспорттық бағасы (DAP Сарыағаш) сол кезеңде тоннасына 208 доллардан 260 долларға дейін; hi-pro бидайы – 280-285 доллар; 4-сыныпты бидай – 200-205 доллар болды.
Арпаның экспорттық бағасы Орталық Азияға жөнелту кезінде тоннасына 210-215 доллар, Қытайға 215-220 доллар, Ақтау портында (FOB) 230-235 долларды құрады.