Оман қазақстандық астық экспортының хабына айналуы мүмкін
Оман Сұлтандығы қазақстандық астықты жеткізуге мүдделі және ел оны Таяу Шығыстағы экспорттау орталығына айналуға дайын. Бұл туралы Оманның қаржы министрі Султан бен Салим Аль Хабси ҚР премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен кездесуде мәлімдеді.
ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Оман тарапы логистикалық әріптестікке деген жоғары қызығушылықты атап өтіп, сұлтандықтың инфрақұрылымы ірі жүктерді қабылдауға және ауыстырып тиеуге толық дайын екенін атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстан Оманға Иран аумағы арқылы жаңа халықаралық көлік дәлізін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бастама сұлтандықтың Таяу Шығыстағы ірі логистикалық хабқа айналу жоспарларына сәйкес келеді.
Бұл бастаманы жан-жақты зерделеу үшін Қазақстан, Оман және Иран сарапшыларының қатысуымен үшжақты жұмыс тобын құру ұсынылды.
ҚР үкіметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Оманның Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының жиынтық көлемі 253 млн долларды құрайды. Бұл ретте екі тарап екіжақты әріптестіктің әлеуеті бұл көрсеткіштен едәуір асып түсетінін атап өтті.
«Оман инвестициялық банкінің капиталдандыруы 500 млн доллар болатын бірлескен инвестициялық қор құру туралы бастамасы бізді қызықтырды. Қазақстанның үкіметі салықтық преференцияларды, индустриялық аймақтарға қолжетімділікті және инфрақұрылымдық қолдауды қоса алғанда, жаңа инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасауға дайын», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Қазақстандық тарап энергетика, тау-кен металлургия өнеркәсібі, АӨК, фармацевтика және сауда сияқты келешекті салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.