17:14 Астық

Қазақстанда 2,4 млн тонна астық бастырылды

Астық жинау Қазақстанның 15 өңірінде жүргізіледі. 22 тамыздағы жағдай бойынша 2,4 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Елдің оңтүстік аймақтарында жинау аяқталуға жақын. Шымкентте егін жинау толығымен аяқталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінде өңірлерде 1,7 млн га астық жиналды, бұл жалпы алаңның 10,7%-ын құрайды.

Егін жинау жұмыстарына 300 мыңнан астам техника жұмылдырылды: 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың орақ және 130 мың басқа техника.

Энергетика министрлігімен бірлесіп дизель отынын тиеп жөнелту бойынша МӨЗ-на облыстарды бекіту кестесі бекітілді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері дизель отынын литріне 254 теңге бағасымен алады, бұл нарықтық отыннан 18-20% төмен. Қазіргі уақытта 135,4 мың тонна жанармай жөнелтілді.

Фермерлер жоспардың 89%-ын минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілген, барлығы 1,7 млн тонна жеткізілді. Жұмыс жалғасуда. Қоймаларда тағы 43,3 мың тонна тыңайтқыш бар.

Жиналған егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін элеваторлардың жаңа егінді қабылдауға дайындығына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Әкімдіктердің деректері бойынша республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30,7 млн тоннаны құрайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында (АҚК) – 13,3 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 17,4 млн тонна. Бұл көлем өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, егінді сақтау үшін жеткілікті. Лицензияланған астық қоймаларының жүктемесі 2,2 млн тоннаны немесе 16%-ды құрайды. Элеваторлар мен астық қоймаларында орын тапшылығы жоқ.

Қазақстанда дәнді дақылдарды жаппай жинау тамыз айының соңында басталады. Өнімділік орташа көпжылдық деңгейде күтіледі.