Төмен сұрыпты астық Қазақстандағы егіннің 40% құрады
Күзгі жаңбыр Қазақстанда астық сапасының төмендеуіне әкелді. 23 қыркүйекте үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлағандай, элеваторларға түскен бидайдың 40%-ы төмен сұрыпты.
«Сақтауға түскен жұмсақ бидай көлемінің 60%-ы үшінші сыныпқа, 28%-ы төртінші сыныпқа, 12%-ы бесінші сыныпқа және санаттан тыс бидайға жатқызылды», - деді Айдарбек Сапаров.
Оның ақпараты бойынша, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 3,1 млн тонна жаңа егін (жүктеме – 23%) түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 2 есе артық. Республика бойынша астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30,7 млн тоннаны құрайды, оның ішінде лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында - 13,3 млн тонна, аграрийлерде – 17,4 млн тонна. Әкімдіктермен бірлесіп жаңа астық қабылдау үшін элеваторларды босату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылы астық өнімі 24 млн тонна көлемінде болжануда. Бүгінгі таңда 10,2 млн га астық жиналды, орташа өнімділігі 15,2 ц/га 15,5 млн тонна астық бастырылды.