Азық-түлік корпорациясы бидай мен арпаны тікелей сатып алуды жариялады
Қазақстанның астық нарығы теңгенің доллар мен еуроға қарай жалғасып жатқан нығаюы аясында белсенділігін төмен деңгейде ұстап отыр. Алайда 2024-2025 жылдардағы бидай мен арпаны тікелей сатып алуды жариялаған Азық-түлік корпорациясы нарыққа қолдау көрсетті. Бұл туралы Қазақстанның Астық одағының талдау комитетінің басшысы Евгений Карабанов мәлімдеді.
Азық-түлік корпорациясы астықты жеткізу фактісі бойынша төлей отырып, EXW - аккредиттелген элеваторлар шарттарында тікелей сатып алуды жүргізеді. Сатып алу аграршылардан және трейдерлерден келісі баға бойынша жүзеге асырылады (ҚҚС 16%):
- 3-сыныпты жұмсақ бидай, желімшесі 23-24 - натурасына, ақуызына және құлау санына (ҚС) байланысты тоннасына 95-97 мың теңге;
- 3-сыныпты жұмсақ бидай, желімшесі 25-26 - 98-100 мың теңге/тонна;
- 3-сыныпты жұмсақ бидай, желімшесі 27 - 110-115 мың теңге/тонна;
- 4-сыныпты жұмсақ бидай - 90-92 мың теңге/тонна;
- 5-сыныпты жұмсақ бидай - 88 мың теңге/тонна;
- 2-сыныпты арпа - 89 мың теңге/тонна.
Сонымен қатар, Қытайға жемдік ұн жеткізуші 19 компанияны қосымша аккредиттеу нарыққа қолдау көрсетті. Осылайша, қазіргі уақытта бидай-арпа жемшөп қоспасын (жемдік ұнның жаңа атауы) аккредиттелген өндірушілердің жалпы саны 46 кәсіпорынды құрайды. Тағы 50 кәсіпорынның құжаттары ҚХР-да қаралуда.
Осы оқиғалардың нәтижесінде өткен аптада бидай номенклатурасының бір бөлігіне бағаның шамалы өсуі байқалды. Евгений Карабановтың айтуынша, желімшесі 23-24 бар 3-сыныпты бидайдың бағасы (тоннасына 95-98 мың теңгеге дейін), желімшесі 25-26 бар 3-сыныпты бидайдың (96-100 мың теңгеге дейін) және 4-сыныпты бидайдың (93-95 мың теңге) бағасы тоннасына 2 мың теңгеге өсті.
Арпа (89-93 мың теңге/тонна) және 5-сыныпты бидайдың (90-93 мың теңге/тонна) бағасы тоннасына 1 мың теңгеге өсті.
Керісінше, hi-pro бидай (желімшесі 30+) 2 мың теңгеге арзандап, тоннасына 121-125 мың теңге болды.
Сондай-ақ, Евгений Карабанов астықты жөнелту қарқыны төмен екенін атап өтті. Теңгенің нығаюымен ішкі және экспорттық бағалар арасындағы алшақтық артады.