ҚР ғалымдары астықты сынау үшін жоғары дәлдіктегі компоненттер алды
Ғылым комитеттің Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институтының астық дақылдары биохимиясы зертханасының ғалымдары бидай дәнін өндіріп сынау үшін жоғары дәлдіктегі компоненттер алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институтының дәнді дақылдар биохимиясының зертханасында биология ғылымдарының кандидаты Айдар Хакімжанов бастаған бір топ ғалымдар биохимиялық әдістерді қолданып бидай дәніндегі ең қызықты ферменттердің бірі - альфа-амилазаны зерттеу бойынша тәжірибелер жүргізді. Бұл ферменттің мөлшерін стандартты аналитикалық әдістермен өлшеу өте қиын, бірақ бұл астық өнгіштігінің маңызды индикаторы», - деді Комитеттің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, зерттеу барысында ғалымдар альфа-амилаза ферментінің бір түрін мұқият зерттеп, оған жоғары дәрежеде тазартылған антиденелерді алды. Олардың негізінде альфа-амилаза мөлшерін дәл анықтайтын жоғары сезімтал иммуноанализ жасалды.
«Астық құрамындағы фермент мөлшерінің индикаторы зиянды, азық-түлікке жарамсыз шикі өнімдерді алып тастау үшін, сонымен қатар бидайдың жаңа ұрыптарын өсіру кезінде селекция процесіне қажетті астық сапасын анықтау үшін, нан пісірер алдында ұнның сапасын бағалауға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады баспасөз қызметі.