Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейдің астық экспортын шектеу туралы ұсынысына түсініктеме берді
Ресей 2021 жылдың 15 ақпанынан 30 маусымына дейін дәнді дақылдарды экспорттауға квота енгізбекші. Сонымен бірге Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық комиссияға осындай шараларды ЕАЭО мүше басқа елдердің де қабылдауы туралы ұсынды. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі көрші елдің бастамасын қолдауға асықпайды, өйткені елдің астық қоры жеткілікті деп санайды.
Ресей Федерациясының шектеулер туралы ұсынысына түсініктеме бере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков егін жиналғаннан кейін Қазақстанда астық мөлшері ішкі қажеттіліктен асып түсетінін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы астықты әр түрлі нарықтарға шығарып сатады, сондай-ақ Ресей Федерациясынан Қазақстан шекарасы арқылы үшінші елдерге жаппай ікету қаупі жоғары емес.
«Біздің білуімізше, биыл Ресей бұрынғы жылдардағыдай астық экспортына квота беру тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл елдің өз құқығы. Қазақстан жайлы айтар болсақ, 2020 жылы шамамен 21 миллион тонна астық жиналды. 1 қарашадағы жағдай бойынша республиканың астық қоры шамамен 16,5 млн тоннаны құрайды, бұл Қазақстан Республикасының ішкі қажеттілігінен артық, сонымен қатар шамамен 7,5 млн тонна астық пен ұнды астық эквивалентінде экспорттауға мүмкіндік береді», - деді Н.Дайырбеков ОКҚ брифингі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ресейде астық экспортына салық төлеу ұсынылуда
Вице-министр Қазақстан негізінен астық пен ұнды Орталық Азия елдеріне, Ауғанстан мен Қытайға экспорттайтындығын атап өтті. Ресей көбінесе өнімдерін Қара теңіз және алыс аумақтардың нарығына экспорттайды.
«Осыған байланысты біз Ресейдің астық экспортына шектеу қою туралы шешімі, негізінен, Қазақстан бидайды экспорттайтын нарықтарға әсер етпейді деп ойлаймыз», - деп аяқтады сөзін вице-министр.