09 декабря 2020 Астық

Қытай Алашанькоу станциясында вагондарды тиеуді тоқтатады

Қытай шекарасындағы темір жолда вагондардың көп жиналуына байланысты 8- желтоқсан 18-00 –ден 13- желтоқсанға дейін - Алашанькоу станциясында пойыздарды тиеу тоқтатылды деген бұйрық шығарылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров еліміздің теміржолшыларымен кездесуінде хабарлады.

Еске салсақ, «КТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы Қытаймен шекаралас стансаларда тұрған вагондарды өткізуге күш салуда. 12 мыңға жуық вагон жиналып тұр, оның 1500-ден астамында - 100 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері (бидай, арпа, майлы дақылдар, ұн) тиелген.

Қытай теміржолшыларының жаңа тәртібі жағдайды одан әрі күрделендіре түсуде,  KTЖ-Жүк тасымалы басшылығының жасаған бар күш-жігерін жоққа шығаруда.