Ғалымдар Қызылордадағы күріш өсірушілерге өнімділікті арттыруға көмектесуде
Қызылорда облысында егіс алқаптары құнарлығының нашарлауынан, агротехнологиялардың сақталмауынан, жердің тозуы және басқа да факторларға байланысты суармалы жерлердің экологиялық-мелиорациялық жай-күйінің нашарлауы күріш шығымдылығының төмендеуіне алып келді. Қазіргі уақытта өңірде ФАО және ЖЭҚ «Орталық Азия мен Түркияның ауыл шаруашылығы өндірісінің қуаңшылыққа ұшыраған және тұзды аудандарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару» жобасы іске асырылуда. Оның мақсаты - суармалы жерлердің құнарлылығын және ауыл шаруашылығын жүргізудің тиімділігін арттыру. Бұл туралы ФАО өңірлік өкілдігінде хабарлады.
Қызылорда облысында жердің сортаңдануына қарсы шаралар жүргізіліп, тозған суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жасалуда.Өткен аптада Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өткен конференцияда осы мәселе талқыланды.
Қызылорда облысында суармалы жерлердің жалпы ауданы 231 400 га құрайды, оның 178 100 га - инженерлік жоспарланған жерлер (ауыспалы егіс). Олардың басым бөлігін күріш өсіретін егістікті құрайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: ФАО/ЖЭҚ қызылордалық фермерлерге шоңышқа тұқымын сыйлады
«Қызылорда облысындағы күріш саласының аталған өнім қорымен қамтамасыз етілуі жоғары және бұл дақылдың өнімділігі 5 - 5,5 тонна/га деңгейінде, ал облыста осы азық - түлік астығының жалпы тұрақты мөлшері 75-80 мың га егістіктен 415-440 мың тонна алуға болар еді, алайда, соңғы жылдары бірқатар шаруашылықтарда күріштің шығымдылығы төмендеп келеді», - деп атап өтті ФАО мамандары.
ФАО / ЖЭҚ жобасы аясында ҚазҒЗИ күріш топырағындағы тұз мөлшерін реттеп, күріш егілетін алқаптарда ауыспалы егіс ретінде қант өсіруге байланысты агротехнологияларды сынақтан өткізді. Суармалы топырақты тұздан сақтау үшін ғалымдар ауыспалы егін ретінде «Алаула» жоңышқасының жоғары сортын екті. Мұның бәрі суармалы жерлердің құнарлылығын арттыру, өнімді жақсарту және фермерлердің әл-ауқатын арттыру үшін жерді пайдалану тәсілдерінің бірі болып табылады.