Павлодар облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 153 мың гектарға көбірек егілді
2020 жылы Павлодар облысында 1,48 млн га алқапқа егіс егілді, ол 2019 жылмен салыстырғанда 153,1 мың гектарға немесе 11,4% -ға артық болып саналады.
Аймақтағы ауыл шаруашылығы басқарамасының ақпараты бойынша, азықтық алқаптардың көлемі 43,5%-ға, ал майлы дақылдардың көлемі - 14,5%, картоп пен көкөністерді отырғызудың мөлшері - 7% артқан.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 2020 жылы шамамен 3,1 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінді. Бұл ақша тұқымдар, пестицидтер мен тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындардың біршама орнын жабады.
Облыстың тұқыммен қамтамасыз етілуі 100,7% құрайды.
Мәліметтер бойынша, аймақтың ауыл шаруашылық техникамен қамтамасыз етілуі 99% ды құрайды. Аграршыларға 19, 1 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май қарастырылған. Дизель отынның бағасы 159 теңгені құрайды.