Еуропада күзгі астық өнімі 2019 жылмен салыстырған төмен болады, дейді сарапшылар
Еуропадағы ең басты күзгі астық өнімі 2020 жылы төмен болуы мүмкін, деп жазды Зерно Он-Лайн.
Аталған ақпаратты наурыз айындағы өз есебінде Еуропалық ауыл шаруашылығы дағылдары өнімінің мониторинг агенттігі (MARS) жариялады.
Еуропа аумағының көптеген жерінде 2019/2020 жылдары 1979 жылдан бастап есептегенде ең жылы қыс болды. Көптеген аймақтарда орташа тәуліктік температура орташа 2-4° C- болды. Шығыс және Солтүстік Еуропада температура өзгеріп, үлкен ауытқулар көп болды.
Қыстың жұмсақ болуынан Орталық, Шығыс және Солтүстік Еуропадағы күзгі дақылдар жақсы болады деп күтілуде. Бидайдың қатты сұрпын өндіретін аймақтарда (Оңтүстік Италия, Испанияның басым бөлігі, Грекия), сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Румынияның, Солтүстік Болгарияның едәуір бөлігінде жауын-шашын жеткіліксіз болды. Бұл өңірлерде егін жақсы болу үшін жауын –шашын мөлшері жеткілікті жауады деген болжам бар.
Ал негізгі астық өндіретін солтүстік-батыс Еуропада (Франция, Бенилюкс елдері, Германия, Ұлыбритания) шамадан тыс ылғал болуда. Бұл өңірлерде күздік дақылдарды егу жұмыстары қиын болды. Жаздық дақылдарды себу кеш жүргізілуде. Наурыз айының екінші жартысындағы ауа райы қолайсыз болуы мүмкін деп күтілуде.
Егін егудің осындай ерте кезінде өнім түсімін болжау үшін негізінен тарихи көрсеткіштерге немесе санның орташа мәндеріне негізделіп, болжанады.