31 марта 2020
Астық
Әлемде соя өндіру 2019/20 жылдары 21 млн тоннаға кемиді ― IGC
Халықаралық астық кеңесінің (IGC) наурыз айындағы есебі бойынша, 2019/20 жылдары әлемде соя өндіру 21 млн тоннадан -341 млн тоннаға дейін қысқарады.
Сондай –ақ, IGC-тің 2020/21 жылдардың осы маусымында әлемдік соя өндіру деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші 366 млн тоннаға дейін жетіп, ағымдағы жылмен салыстырғанда 7% -ға артады деген болжам айтуда. Аталған өндіріс көлемінің артуына, АҚШ-тағы соя алқаптарының кеңеюі әсер етеді.
IGC сарапшыларының айтуы бойынша мұндай қауіптену шаралары әлемде коронавирустың таралуына байланысты туындап отыр. Себебі мұндай жағдайда астық өндіруде және оны тұтыну мөлшерін сақтау шаралары қажет болып тұр.