Егінді жаңбырдан сақтандыру 14 шілдеде аяқталады
Qoldau.kz платформасында егінді жаңбырдан сақтандыру шарттарын қарастыратын жұмыс жүргізілуде, онда -егін жинау кезеңіндегі топырақтың артық ылғалдылығынан сақтандырады. Сақтандырудың мұндай түрі 14 шілдеге дейін жасалады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры хабарлады.
Топырақтағы артық ылғалдылық бойынша сақтандыру 2021 жылғы 15 тамыздан 14 қазанға дейінгі кезеңді қамтиды. 2021 жылға арналған ылғалдың артық болуынан сақтандыру шарттарын сайттағы Agroinsurance ақпараттық жүйесінде www.qoldau.kz.сайтында жасауға болады.
Аталған қордан хабарлағандай, егін жинау кезінде жауын-шашынның көп мөлшері мен температураның төмен болуы егіннің сапасына әсер етуі мүмкін, егін оруды қиындатады, астықты кептіруге қосымша шығындар жұмсауға әкеледі және т. б.
Тақырыпқа байланысты оқу: Фермерлерге нені үнемдеудің қажеті жоқ
Сондай-ақ қорда айтылғандай, топырақтың артық ылғалдылық индексі бойынша сақтандыру жасаған фермерлер сақтандыру сыйлықақыларының 50% субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алатынын еске салды.