ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі экспорттаушылардың жолын кесті
Қазақстанның трейдерлері сәуір айында 280 мың тонна азық түлік бидайын экспорттауға өтінім берді. Ауыл шаруашылық министрлігі тағайындаған әдеттегі айлық квотаның көлемі 200 мың т. болып есептеледі.
Аталған квотаны алуға құқығы бар компаниялардың тізімін алдын-ала аграрлық ведомство 7 сәуір, сейсенбі күні жариялады.
Көп мөлшерге өтінім бергендер- «ВКЗ-Агро» — 22,93 мың. т, «Альпина-Агро» — 22,48 мың. т және Olzha Grain — 22 мың. т.
Барлық өтінім бойынша жалпы тапсырыс мөлшері- 279,96 мың. т құрайды.
Барлық өтінім берушілердің сұранысын қатағаттандыру мақсатында тапсырыс берушілер арасында теңдей бөлінді, бірақ әрбір кәсіпорынның сұраған мөлшері қысқартылды. Мысалы «ВКЗ-Агро» үшін 16,38 мың т. жүкті тиеуге рұқсат етілді.
Дегенмен ҚР АШМ шаруашылықтардың алатын квотасына сәйкес бидай экспорты белгіленген баға бойынша ішкі нарықта сатылуы керектігін ескертеді. Алайда бидай мөлшеріне қарай және экспортқа алған квота көлемі бойынша есептеледі және ол 30% құрайды.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» аталған құжаттарды рәсімдеумен айналысатын болады.