Үш айдың ішінде Орынбор астығын негізінен Қазақстан сатып алған — Россельхознадзор
Россельхознадзор басқармасы жыл басынан бері Орынбор облысы бойынша 12 елге экспортқа шығаруға арналған 42 мың тонна астықты бақылаған.
Аталған басқарманың хабарлағанындай, негізінен астықтың 32 мың тоннадан астамы (арпа, азық -түлік бидай және күнбағыс) Қазақстанға жөнелтілу үшін тиелген.
Басқармада атап өткендей, қадағалаудағы өнімнің негізгі көлемі Қазақстанға арналып 32 мың тоннасы тиелді.
Одан кейін көлемі жағынан екінші орында тұрған мемлекет Латвия болды, ол елге 4 мың тонна астық жөнелтілді. Ал үшінші орында — Иран, онда 2 мың тоннадан астам астық жіберілді.
— Бес жағдай бойынша басқарма фитосанитарлық сертификат беруден бас тартқан. Себебі Иранға шығаруға болмайтын нұт партиясы (100 т) тиелген. Оның орнына басқа дақылдар жөнелту ұсынылды —деп хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің 2020 жыл 2 сәуірдегі № 111 «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық бойынша, ішкі нарықты кейбір өнімдермен қамтамасыз ету үшін экспортқа шектеу қойылған. Атап айтқанда, жұмсақ бидай мен майлы дақылдар, бидай-сұлы ұнының экспорты үшін 2020 жылдың сәуір айына квота мөлшері белгіленді. Аталған мерзімге, яғни 2020 жылдың сәуір айына бидай экспортына 200 мың. т., ал ұн экспортына берілетін квота-70 мың. т. Алайда бидай мөлшеріне қарай және экспортқа алған квота көлемі бойынша есептеледі және ол 30 % құрайды, бидай-60 мың т және ұн экспортына квота-21 мың т құрайды.
Тақырыпты оқу: Ұн өндірушілер қазақстандық ұнға салынған квотаға қарсы