ҚР-да астықтың экспорттық әлеуеті 6,5-7 млн тонна болып бағаланды
Қазақстанда қуаңшылық ауа райына және астық дақылдарының өнімділігінің төмендеуіне қарамастан, жаңа маркетингтік жылы экспорттық әлеует жоғары болып қала береді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлімдеді.
«Қазақстанда жиналған өнім жеткілікті болады, экспорттық әлеуеті жоғары болады - шамамен 6,5 - 7 млн тонна. Сондықтан басты міндет – астық жинауды уақытылы және сапалы түрде жүргізу қажет», - деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, ол егін жинау науқанына дайындық кезінде жұмыстарды қаржылық тұрғыдан және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданғанын атап өтті.
Тақырыпқа байланысты оқу: «Өзбекстанға жіберілетін бидай бағасы $295»
Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев астық жинаудың болжамды көлемі 15,3 млн тонна деңгейінде болатындығын хабарлады. Бұдан басқа, 3,5 млн тонна көлеміндегі астық былтырғы жылдың қалдығы, оның ішінде 2,8 млн тонна бидай бар.
«Өткен жылдан қалған астық мөлшерін ескере отырып, жалпы күтілетін астық көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ белгілі бір астық көлемін экспортқа жіберуге жеткілікті», - деп атап өтті министр міндетін атқарушы.