Азық-түлік корпорациясы 4 дақылдың түрі бойынша сатып алу бағасын жариялады
«Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін алу бойынша қатты бидай, сұлы, зығыр және рапс тұқымдарының бағасын жариялады.
Жаңа өнім сатып алуда келесідей бағалар бекітілді:
- Қатты бидай – ҚҚС пен бірге есептегенде 200 000 теңге;
- Сұлы – ҚҚС пен бірге есептегенде 70 000 теңге;
- Зығыр тұқымы– ҚҚС пен бірге есептегенде 300 000 теңге;
- рапс – ҚҚС пен бірге есептегенде 250 000 теңге;
Азық-түлік корпорациясында атап өткендей, компания ағымдағы нарық конъюнктурасына сәйкес әділ нарықтық баға белгілеп, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жаздың құрғақшылығына және өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Азық-түлік корпорациясы тікелей астық сатып алуды бастады
2021 жылы Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды бастады және сатып алынатын дақылдар тізбесін - төрт түрден тоғыз түрге дейін (жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, күнбағыс тұқымы, майлы зығыр тұқымы, рапс және соя) арттырды. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің 12-сінің бағасын тұрақтандыруға ықпал ететін болады.
Форвардтық сатып алу шарттарын орындау бойынша қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайлар бойынша алуға болады:
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев к-сі 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;
Қостанай облысы : Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-39-64, 53-29-12;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ.,Партизан к-сі 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.