Мамыр айында бидай экспортына берілетін квота 250 мың тоннаға дейін артуы мүмкін-Сапархан Омаров
2020 жылдың мамыр айында бидай экспортына берілетін квота 250 мың тоннаға, ал ұнға берілетін квота-150 мың тоннаға дейін артуы мүмкін. Бұл ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Хабар 24 агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Тақырыпты оқу: Астық өндірушілер қазақстандық ұнға берілетін квотаға қарсы
Министрдің хабарлауы бойынша, жағдай бірте-бірте тұрақталады, экспортқа берілетін квота мөлшері артады.
«Елдегі азықтық бидайдың мөлшері-3,8 млн т. Оның ішінде 1,8 млн. т. тұқымдық мақсатта жұмсалады, 600 мың т. ішкі тұтынуға кетеді. Оған қоса 500 мың т.-бұл мемлекеттің тұрақты қоры, біз оны үнемі сақтап отырамыз. Осылайша, бізде экспорт үшін 1 млн тоннаға жуық бидай қалады. Әдетте біз бұл астықты қыркүйек айына дейін, жаңа егін піскенге дейін экспорттауға тырысатынбыз. Бірақ қазір жағдай басқаша, сондықтан да шектеу салып, экспортты бақыламасақ, біз бұл астық көлемін 2 айдың ішінде - сәуір-мамыр айында пайдаланамыз. Ал одан кейін біздің елде астық тапшылығы пайда болады»- деді министр.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың сәуір айына жалпы бидай экспортына 200 мың. т., ал ұн экспортына берілетін квота-70 мың. т. Сонымен қатар, елде қырыққабат, қызылша, шалқан, сәбізді экспортқа шығаруға тыйым салынған. Бидай экспортына арналған квотаны 51 компания алды Сондай –ақ ауыл шаруашылық өнімдер экспортына берілетін квота ай сайын 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ай сайын анықталатын болады.