Егіс алқаптарының 88%-ында фосфор аз екені анықталды-зерттеулер нәтижесі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде егіс алқаптарының 88%-ында фосфор аз екені анықталды. Бұл ақпарат ElDala.kz материалында хабарланды.
Тақырыпты оқу: ҚазАТУ ғалымдары өнім шығынын қалай қысқарту керектігін айтты
Сонымен қатар, егістіктің 77%-ында жеңіл гидролизденетін азоттың құрамы өте төмен екендігі байқалды.
Ғалымдардың айтуы бойынша, элементтердің топырақта біркелкі таралмауы мәселетудырады. Мысалы, топырақ құрамында фосфор — 10,7 мг / кг-дан 80 мг/кг — ға дейін, жеңіл гидролизденетін азот-10-нан 60 мг / кг-ға дейін болуы тиіс. Бұл көрсеткіштер әртүрлі болуы мүмкін: бір алқапта 100-200-ге дейін кездеседі.
«Егістікте элементтердің бұлайша әртүрлі болуына бірнеше факторлар тікелей және қосымша түрде әсер етеді, атап айтсақ: топырақтың ылғалдануы, жер бедері, топырақ түзуші жыныстардың қасиеттері, топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттері. Сонымен қатар, себілген тыңайтқыштардың қоректік заттарының дақылдарға әсер етуі біркелкі болмайды. Ал, көптеген шаруашылықтарда егістіктің барлық аумағына бірдей тыңайтқыштар салына береді. Сондықтан да бұл қоспалар алқаптардың бір жеріне артық, ал кейбір жеріне кем болады» — деп атап өтті зерттеу жасаған ҚазАТУ ғалымы, Топырақтану және агрохимия кафедрасының меңгерушісі Жанна Алманова.
Тақырыпты оқу: Нақты егіншілікпен айналысу «қара дақ» ауруынан құтқарады