Қызылорда облысында 28 мың гектар жерге жаздық дақылдар егіледі
Қызылорда облысында 28 мың гектар жерге жаздық дақылдар себілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылық министрлігі.
Егістік алқаптарға себілген дақылдар:
- жаздық бидай ( жоспардың 100%) — 3,8 мың га;
- арпа — 600 га (105,6%);
- сафлор — 4,8 мың га (85,7%);
- жоңышқа — 18,6 мың га (98,9%).
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
Қызылорда облысы қазіргі уақытта минералдық тыңайтқыштармен және тұқымдармен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасы 100%-ға дайындалып, егіс науқанына қолданылуда. 2020 жылы аталған өңірдің техникасына 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сәуір айында облысқа 1,5 мың т жеткізілді, 700 т фермерлерге берілді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл облыста 183 мың гектарға жуық егін егу жоспарланып отыр, оның басым бөлігі күріш — 88 мың гектарға себіледі, басқа да дәнді дақылдарға 9,8 мың га, азықтық дақылдарға — 61,6 мың га, картопқа, көкөніс және бақша дақылдарына —17,7 мың га, майлы дақылдарға - 6 мың гектар жер бөлінген. Аталған облыстағы егіс алқаптарын әртараптандыру аясында ағымдағы жылы соя егістігін 290 гектарға, қант қызылшасын 200 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Сондай- ақ, жемістер мен жүзім алқаптары — 164 гектарға кеңейтіледі.