22 апреля 2020 Астық

Қазақстанның астық белдеуінде боран болады

Қазгидромет жақын күндері ауа райы күрт бұзылатындығы туралы 22 сәуір күні шұғыл хабарлады. Суық елдің басым бөлігінде болады деп айтылды ақпаратта.

Қазақстан аймағына бір апта бұрын көптен күткен көктемнің жылы лебі келген еді. Елде  ашық та құрғақ ауа райы орнап, солтүстік аймақтарға да жылы леп келе бастаған.

23 сәуірге қарай ауа райы бұзылады деп күтілуде. Алдағы екі тәулікте дауыл тұрып, күн райы  ең ірі астық егетін өңірлерде– Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстауда қатты суытады  деп болжануда.

 «Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклон әсер етіп, жаңбыр жауып, арты қарға айналады, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады. 23 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін» — деп хабарлады Қазгидромет.

 Бұл бораннан кейін, артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына әсер етеді және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді — делінген хабарламада.