05 мая 2020 Астық

ҚР аграршылары көктемгі егіс жұмыстарына 70 млрд теңге несие алды

Аграрлық несие корпорациясы 35 күн ішінде «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыруды аяқтап, шаруаларға 70 млрд теңге көлемінде несие берді.

2405 фермер жылдық 5% мөлшерлеме бойынша несие алды. Олардың 95%-ы шағын және орта бизнес өкілдері, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

«Төтенше жағдай режиміндегі шектеулерге қарамастан, Аграрлық несие корпорациясы қысқа мерзім ішінде -егіс басталғанға дейін фермерлерді қаржыландыруды қамтамасыз етті. Мемлекет тарапынан 2405 аграршы көмек алды, олардың жартысынан көбі Түркістан облысының шағын фермерлері», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

АШМ мәліметінше, «Кең дала» бағдарламасына қатысуға өтінім берген шаруалардың жалпы санынан 126 агроқұрылым 100 млн теңгеден асатын сома қаражат алды. Орташа алғанда 57 млн теңгеден 194 фермерге берілді.

Мемлекеттік көмек алғандардың 90%-ы-ұсақ шаруа қожалықтары. Атап айтқанда, 2 085 фермер орта есеппен 6,1 млн теңгеден алды. Сонымен қатар, ең аз несие мөлшері 600 мың теңгені құрады. АКК мәліметі бойынша, несие алуда шағын фермерлік шаруашылықтардың саны біршама өскен.