Қазақстанның құс фабрикалары жарты жыл бойы шығынға батуда
Қазақстанның құс фабрикалары соңғы жарты жылда шығынға батуда: бүгінгі күні жұмыртқаның өзіндік құны бір данасына 38 теңгеге жетті, ал оның көтерме бағасы маусым айында 22 теңгені құрады.
"Жарты жылға жуық уақыт ішінде біз жұмыртқаны өзіндік құнынан төмен сатып келеміз. Алты айдағы шығындар бойынша болжам - 130-140 млн теңге. Бұл соңғы сан емес, ол өседі. Жарқын болашаққа үмітпен жұмыс істейміз", - деді ElDala.kz порталына Борис Оздоев, "Казгеркус" ЖШС директоры.
Өз кезегінде "Шаңырақ" компаниялар тобының тең құрылтайшысы Максим Божко алты айдың қорытындысы бойынша екі фабриканың шығыны (Қостанай облысының Арқалық және Қарағанды облысының Үштөбе ауылында) 500 млн теңгені құрағанын хабарлады.
Әріптестердің сөздерін "Когер Ltd" ЖШС директоры Светлана Иванова да растайды.
"Қаңтардан бастап бізде ай сайын 6-10% шығын келеді. Жарты жылдағы теріс көрсеткіштердің жүктемесі ешқандай бизнеске төтеп бере алмайды. Бізден қалай жұмыс істейміз деп сұрамайды. Біз жеткізушілерге қарыздармыз - бұл витаминді-минералды блендер, вакциналар, дәнді дақылдар, кебек, әктас және орауыш материалдар өсуде. Мұның бәрі қарызға батуда", - деді ол.
Сарапшылардың бағалауынша, жыл басынан бері өндірушілердің шығыны 7 млрд теңгеге жеткен.
Сонымен қатар, құс фабрикаларының басшылары нарықтағы бидай тапшылығы туралы айтып отыр. Азық-түлік корпорациясы құс өсірушілерге бөлген көлем жеткіліксіз.
Құс өсірушілер үкіметке саланы қолдауға көмектесетін бірқатар ұсыныстар жіберді. Олардың ішінде - С1 санатындағы жұмыртқа бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту. Егер бұл ұсыныс қолдау тапса, онда құс фабрикалары С2 санатындағы жұмыртқаның бағасын бекітеді.
Толығырақ келесі материалдан оқыңыздар: Қазақстанның құс фабрикалары миллиардтаған шығынға ұшырауда