08 сентября 2022 Мал шаруашылығы

Қазақстан Ұлыбританиядан ангустарды импорттайтын болады

Қазақстанның Ангус республикалық палатасы Ұлыбританияның Абердин-Ангус малшылар қоғамымен өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты. Ынтымақтастық ҚР-ға жануарлар мен асыл тұқымды материалдардың импортына ықпал ететін болады. Бұл туралы Қазақстан палатасының директоры Дәурен Салықов мәлімдеді.

Палатаның ақпараты бойынша, келісім жасасу британдық және қазақстандық мал шаруашылығы саласы арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.

Меморандумның мақсаты асыл тұқымды материалды импорттауға жәрдемдесу болып табылады. Мамандандырылған ұйымдар арасындағы ынтымақтастық қазақстандық малшыларға Ұлыбританиядағы тексерілген жеке селекционерлер мен генетикалық компанияларға жол ашады.

Сонымен қатар, ынтымақтастық аясында ангус тұқымын өсірушілердің тәжірибе алмасуына сапарлар ұйымдастыру жоспарлануда.