Өзара саудадағы аусыл бойынша шектеулерді ЕАЭО - да алып тастау жоспарлануда
ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның бейінді министрлері одақтың агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің үшінші отырысы шеңберінде өзара саудадағы аусыл бойынша шектеулерді алып тастау мақсатында шаралар қабылдауға уағдаласты. Бұл туралы ElDala.kz ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кеңес мүшелері Одақ мемлекеттерінде аусыл бойынша эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселесін талқылауға ерекше назар аударғаны атап өтілді.
ЕЭК техникалық реттеу министрі Виктор Назаренко Одақтың кедендік аумағында аусыл бойынша ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша одақтас елдердің өзара іс-қимылының проблемалық мәселелерін атап өтті.
"Тараптар Одақ мемлекеттерінің ветеринария саласындағы уәкілетті органдары аусылдың диагностикасы мен профилактикасы бөлігінде, оның ішінде аусыл бойынша өзара саудадағы шектеулерді алып тастау мақсатында белсенді бірлескен іс-қимыл жасайтынына уағдаласты", - деп хабарлайды ЕЭК.
Естеріңізге сала кетейік, Россельхознадзор 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап аусыл ауруы бойынша эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстаннан жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеулер енгізген болатын. Аурудың өршуі ресми түрде Қарағанды облысында осы жылдың қаңтар айында ғана расталды. Кейінірек Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (WOAH) Қазақстанның төрт аймағында вакцинациясыз аусылдың жоқтығын растайтын мәртебелерді тоқтатты. Мұндай шешім малды осы ауруға қарсы вакцинациялаудың басталуына байланысты қабылданды. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылдың мамыр айында аусылсыз елдің мәртебесін қалпына келтіреміз деп күтетінін айтты.
Қазақстан Россельхознадзорға эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат жіберіп, мал шаруашылығы өнімдерінің Ресей нарығына экспортын ашуды сұрады.