Қарағандылық Saubota кәсіпорны ҚР аймақтарында 2 филиалын ашады
Түйе сүтінің құрғақ ұнтағын шығаратын Қарағандылық «Евразия Инвест ЛТД» компаниясы Қазақстан Республикасының екі аймағында филиалдарын ашып, өндірісті кеңейту арқылы Қытайға өнім импортын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
4 маусымда «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС түйе сүтінің бірінші партиясын 3,5 тонна көлемінде Қытайға жөнелтті. Компанияның бас директоры Қадырбек Мейрамбековтің айтуынша, Қытай айына кемінде 30-40 тонна түйе сүтінің ұнтағын алуға дайын, яғни алғашқы жеткізілімнен 10 есе көп. Бірақ сұранысты қанағаттандыру үшін шикізат пен өндіріс қуатының жетіспеушілігі мәселесін шешу қажет.
«Евразия Инвест» ЖШС Saubota түйе сүтін өндіруді өткен жылдан бастап шығара бастады. Компания шикізатты Қазақстанның оңтүстігінен сатып алады, онда түйелер көп. Ол Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы зауытта өңделеді. Содан кейін құрғақ ұнтақты Алматыға апарады, оны банка мен вакуумдық пакеттерге салады.
«Біз қазір Түркістан облысы мен Алматыда филиалдар ашуды жоспарлап отырмыз. Мұндай логистика шығындарды азайтады. Аталған мәселе шешілуде. Өндірісті кеңейту жобасы Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен жүзеге асырылатын болады. Олар осы айда қаржыландыруды бастауға уәде берді», - деді Қадырбек Мейрамбеков.
Оның айтуынша, жоба облыстық және республикалық деңгейде үлкен қолдауға ие болды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қытайға сапары аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден дирекциясы арасында сүт өнімдерін экспорттау туралы келісімге қол қойылды. Осы жылдың қаңтар айында үш қазақстандық сүт кәсіпорны Қытай импорттаушыларының тізіліміне енгізілді. Солардың бірі - «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС.
«Біздің өнім Шанхай және Пекин зертханаларында сапа тестінен өтті. Осакаров ауданындағы зауыт сертификатталған. Технология, экология және басқа да параметрлер бойынша қорытынды берген комиссия келді. Өткен жылы мемлекетаралық келісімге қол қойылғаннан кейін біз «Қорғас» ШЫХО-да 609 миллион теңгеге өнімімізді саттық. Бірақ қаңтарда коронавирустық пандемияға байланысты сауда алаңы жабылды, ол әлі де жұмыс істемейді. Біз өнімді жеткізудің басқа көзін тауып, сол арқылы Қытайға 3,5 тонна жібердік», - деді Қадырбек Мейрамбеков.
Қарағандылық өндірушінің Қытайға сүт өнімдерін сатуы тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Кәсіпорын алдағы уақытта Қарағанды облысында бие сүтінен балалар тағамын өндіруді жоспарлауда.