06 апреля 2023
Мал шаруашылығы
Қостанай облысының тағы бір ауылында бруцеллез анықталды
Шектеу іс-шаралары Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Сарыкөл кентінде ірі қара малдың бруцеллезі анықталған Дьяченко Ю К. шаруашылығының аумағында енгізіледі.
Шектеулер аудан әкімінің шешімімен белгіленеді. Эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі.
Осы жылдың наурыз айында ІҚМ арасында бруцеллез Әулиекөл ауданындағы Диевка ауылында, сондай-ақ Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы Сатай ауылында анықталды.