Көкарал бөгетінде Арал теңізінің балық қорлары арнайы қондырғы арқылы қорғалған

17 маусымда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Көкарал бөгетінде Солтүстік Арал теңізі аймағындағы балық қорын сақтау және дамытуды қамтамасыз ету бойынша  халықаралық жобаның тұсаукесері өтті. Бұл туралы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының баспасөз қызметінен хабарлады. Аталған жобаға орталықтың еншілес компаниясы болып табылатын - Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы да қатысты.

«Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде балықты қорғау құрылымы бұрын соңды болмаған. Соның салдарынан балықтар судың ағысымен төменгі өзен бассейніне құйылатын. Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мәліметтері бойынша, Көкарал бөгетінде сумен бірге ағып кететін ересек балық қорының шығыны 53 миллион дана немесе 4 мың тонна, жас балықтар үшін - 30 миллион дана немесе жыл сайын шамамен 1 мың тонна болатын. Көкарал бөгетінің жоғарғы бассейнінде тереңдік арқылы балықты қорғайтын құрылғыны (БҚҚ) құру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлайды ҰАҒББО.

2018 жылдың мамыр айында Солтүстік Арал теңізі аймағында Орталық Азия елдері мен Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік экспедиция өтті. GIZ «Орталық Азиядағы трансшекаралық суды басқару» аймақтық бағдарламасының директоры Каролина Милов Көкарал бөгетіндегі балықтардың  жойылуымен танысып, мәселені шешуге көмектесті.

2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқарудың халықаралық қорының атқарушы дирекциясы (Қазақстан Республикасындағы АҚХҚ АД) және GIZ бірлесе «Солтүстік Арал теңізінің балық қорларының қауіпсіздігін сақталуын және дамуын қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру үшін грант бөлу келісіміне қол қойды. Арал-Сырдария бассейні алқабының әлеуетін дамыту» 2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасындағы АҚХҚ дирекциясы, GIZ және Қызылорда облысының әкімдігі арасында қол қойылған үш жақты Меморандум Арал өңірі үшін маңызды жобаның сәтті болуына  қосымша серпін береді.

«Жобаның мақсаты - Көкарал бөгетінің су өткізгіш құрылымында балық қорғау қондырғысын әзірлеу және орнату. Жобаның жалпы құны 150 377 000 теңгені құрайды, оның ішінде: GIZ-тің қаржыландыруы - 146 877 000 теңге, Қазақстан Республикасындағы АҚХҚ АД -ның жарнасы - 3 500 000 теңге», - деп хабарлайды ҰАҒББО.

Аталған жоба бойынша зәкір бекіткіштері бар жабдықтар орнатуға арналған 15 понтондық конструкциялар жасалды. Бұл жұмыста АҚШ-та өндірілген суасты-монтаж жүйелері қолданылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, 12-16 маусымда Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасындағы АҚХҚ дирекциясымен бірлесе отырып, Көкарал бөгетіндегі балықты қорғау құралының тиімділігін анықтау бойынша ғылыми эксперимент өткізгенін атап өтті. Ал 17 маусымда Германияның Қазақстандағы елшісінің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қызылорда облысы мен аудан әкімдіктерінің, GIZ, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және басқада мекемелердің қатысуымен өткен презентацияда тест нәтижелері жарияланды.

«Жасалған құрылғыны орнатқан соң, Көкарал бөгетінің су өткізгіш құрылымы арқылы балықтардың сумен ағып кетуі азайады, осылайша Арал маңындағы балық қорына зиян келтірілу тоқтатылады», - деп түйіндеді ҰАҒББО.

Естеріңізге сала кетейік: Арал теңізі 1960 жылдары құрғап, қазіргі әлемдегі ең үлкен экологиялық апаттардың біріне айналды. Қазіргі уақытта бұрынғы Арал суынан 10% -дан азы қалған және мыңдаған шақырым шөл басып жатыр.

Қазақстанда Кіші Аралды құтқару жобасы жүзеге асырылуда, оның алғашқысы болып, Көкарал бөгеті салынды. Бұл су деңгейін көтеруге, көлдің фаунасын ішінара қалпына келтіруге мүмкіндік берді, сонымен бірге аймақтағы балық шаруашылығының дамуына серпін берді.

Экология министрлігінің хабарлауынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аймақтың экологиясын жақсартуға, балық аулау саласының дамуына серпін берілді. Қазір су қоймасында балықтың 20-дан астам түрі бар.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.