СҚО - да 1,2 млрд теңгеге жаңа сүт фермасы іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылында Гердт ШҚ жаңа сүт фермасы іске қосылды. Жобаға 1,2 млрд теңге салынды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Ол ферманы іске қосу "Солтүстік" ӘКК арқылы жеңілдетілген қаржыландыру бойынша пилоттық жобаның арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
"Бұл ауданда 3 млрд теңгеге тағы бір "Гагарино" ЖШС фермасының құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы өңірде 15 сүт фермасы салына бастады. Жыл соңына дейін 9 кешенді іске қосамыз", - деді Айдарбек Сапаров.
Тақырып бойынша оқу: СҚО-да құны 1 млрд теңге болатын жаңа сүт фермасы енгізілді
Аққайың ауданының әкімі Власовка ауылының тұрғындарымен кездесіп, көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді.