13 мая 2024 Мал шаруашылығы

Астанада ветеринарлық бақылаусыз ет сатудың жүзден астам нүктесі анықталды

Прокурорлық тексеру барысында Астанада мал шаруашылығы өнімдерін бақылаусыз сату және етті тиісінше тасымалдамау фактілері анықталды. Сондай-ақ, қалада қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар орындалмады. Ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханаларда бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы елорда прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъектілер жұмыс істейді. Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметті жүзеге асырды», - деп хабарлады прокуратура.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жауапты қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органдар анықталған бұзушылықтарды жояды.