Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі QR-код арқылы ет қауіпсіздігін тексеруді енгізді
Мал шаруашылығы өнімдерінің толық қадағалануын қамтамасыз ету үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі. Жүйе алдын ала ветеринариялық тексерусіз және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз жануарларды союға жол бермеу мақсатында енгізіледі. Өнімнің қауіпсіздігін QR-код арқылы сатып алу кезінде тексеруге болады, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
«Жүйе сою орындарында және ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама сертификатын беру бизнес-процестерін автоматтандырады, сонымен қатар жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпарат бар QR кодын қалыптастырады. Бұл QR ет сатылатын орындарға орналастырылған, бұл малды ветеринариялық сараптамасыз және тексерусіз союдың алдын алуға көмектеседі», - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігінде.
Жоба республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда іске асырылуда. Оған 1664 сою объектісі, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы, сауда объектілері қосылған. Жүйеде 1470-тен астам ветеринарлық дәрігерлер, зертханалық қызметкерлер және мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлар тіркелген.
Бүгінгі таңда QR-код арқылы 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама және 438 мың сараптама актісі ресімделді.
Сонымен қатар, бұл жүйе Ресей Федерациясымен шектесетін «Шарбақты» ветеринарлық бақылау пунктінде сәтті сыналды.